Қысқасы, өз-өзіме келмесем болмайды екен. Соңғы 1-2 апта жай ғана өз денемді сүйреп жүрмін. Адам болған соң, жынысқа қатысты емес, менің де әлсіз болуға құқығым бар. “Мен әлсіз болмаймын, мотивация әрқашан менің жанымда”- деп алдай алмаймын. Ешкімнен жоғары емеспін, төменде емес, ет пен сүйектен жаратылған -адамбыз.
Өз-өзімді жек көріп кеттім. Ондай “Аян” өзіме ұнамай бара жатыр. Сондықтан мені оқып, тыңдайтын адамдар осында ғой деп, жазып отырған жайым бар. Депреске кіруге себеп, қойылған біршама жоспарлардың орындалмай қалуы яғни - үміт. Қатты үміттеніп қойғандықтан, ал үміттенген нәрсе орындалмағандықтан өз-өзімді жібере салдым. Олай болмайды. Бүгіннен бастап өз-өзімді қолға аламын! Қайрат Нұртас әнінің шумағындағы сөздер сияқты «мен оралаам»
Сағаттың дыбысы. Әжемнің көзін көрген ақ-қара сағаттың дыбысынан лезде оянып кеттім. Көптен бері жаңбыр жауып жел соғып тұрған күн бүгін күндегіден өзгеше. Бұлтты болып тұрғанымен күн айтарлықтай жылы.Үйдің үлкені-кішісі қалалық жиынға атсалысуға кеткен.Жалғызбын.Терезеден бетіме тікелей бағыт алған самал жел. Бұлттың дәл осындай ауа райында жылжығаны мүлде бөлек мұңы бар сынды. Жаңбырдың иісі.Бір адамдық таңғы ас. Сүйікті фильм. Бұл атмосфера мәңгіге созылсада жалықтырмайтын сынды.